Қазақстанда балалар неврологтары жетіспейді

Фотография - Қазақстанда балалар неврологтары жетіспейді

Елімізде әр тоғызыншы сәби жүйке ауруына шалдыққан.

204 0

Елімізде әр тоғызыншы сәби жүйке ауруына шалдыққан.

Орта Азия мемлекеттерінің невролог мамандары бас қосқан конференцияда отандық дәрігерлер осындай мәлімет келтірді. Статистикаға сенсек, 2013 жылы әрбір сегізінші баладан жүйке ауруының белгілері анықталған. Көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Әсіресе нәрестелер арасынан эпилепсия ауруы белең алған.

Мамандардың айтуынша, бұл - аналардың жүктілік кезінде күтінбегенінің салдары. Сондай-ақ диагноздың дұрыс қойылмауы тағы бар. Егер баланың ауруы дер кезінде анықталмаса, өсе келе мүгедек болып қалуы мүмкін. Дертпен күресу үшін білікті мамандар қажет. Ал бізде 19 мың сәбиге шаққанда 1 неврологтан келеді, - дейді қатысушылар.

Алтыншаш Жақсыбаева, ҚР ДӘДМ штаттан тыс бас балалар неврологы:
- Балалар неврологы жетіспейді. Өйткені мамандар балалар дәрігері ретінде жұмыс істейді. Қазір олар нақты сала бойынша бөлінбейді. Емханалардағы ұзынсонар кезек, аурудың ерте кезден анықталмауы осыдан басталады. Сонымен қатар көп жағдайларда ата-аналар дәрігерлердің жауабын күтпестен, шетелде ем алуға кетіп қалады. Қытай, Германия, Израильдегідей емдеу тәсілі Қазақстанда да жүргізіледі. Барлық елде жүйке ауруларымен күресудің тәсілі бірдей.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!