23 қарашада ҚР Үкіметінің селекторлық отырысы өтеді

Фотография - 23 қарашада ҚР Үкіметінің селекторлық отырысы өтеді

Отырыс қорытындысы бойынша К.Мәсімов Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындауды сапалы бақылауды ұйымдастыруды тапсырды

253 0

23 қарашада ҚР Үкіметінің отырысы өтеді, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2015 жылдың 18 қарашасында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті берген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің жедел отырысын өткізді.

Мемлекеттік органдардың басшылары «Оңалту және банкроттық туралы» Заңды орындау, жекешелендіру және жария ету бағдарламаларын жүзеге асыру, "Нұрлы Жол", индустрияландырудың екінші бесжылдығы, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, инвестициялар тарту, "Самұрық-Қазына" Қорын трансформациялау, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бағасын мониторингілеу  және халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсету туралы баяндады. 

Отырыс қорытындысы бойынша К.Мәсімов Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындауды сапалы бақылауды ұйымдастыруды тапсырды.

Әр мәселе бойынша толығырақ министрліктер және ведомстволар басшылары, облыс әкімдері 2015 жылдың 23 қарашасында селекторлық режимде өтетін ҚР Үкіметі отырысында мәлімдейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!