Қазақстанда бензиннің қымбаттауына ешқандай негіз жоқ - Е. Досаев

Фотография - Қазақстанда бензиннің қымбаттауына ешқандай негіз жоқ - Е. Досаев

Бұл ретте министр сарапшылар тарапынан АИ-92 маркалы бензинінің литрі 3 теңгеге көтерілуі мүмкін екендігі туралы айтылғанын

242 0

Қазақстанда бензиннің қымбаттауына ешқандай негіз жоқ. Бүгін Мәжілісте "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді.

"Бүгінгі жағдайда болжам жасау - жақсы ырым емес. Дегенмен, кесіп айтатын мәселе, егер тіпті техакциздер енгізуге қатысты баға көтерілсе де, оған қатысты түсетін ауыртпалықты қарастыру керек. Кеше бізге осыған қатысты сұрақтар қойылды ғой, мәселен, қазіргі тоннасына 4,5 мың теңгеден 10,5 мың теңгеге дейін көтеру туралы болса, онда осы 6 мың теңгені литрге бөліп, оның орын алуы мүмкін ауыртпалығын есептеуіміз керек", - деді Ерболат Досаев бензиннің бағасына қатысты мәселеге тоқтала отырып. Бұл ретте министр сарапшылар тарапынан АИ-92 маркалы бензинінің литрі 3 теңгеге көтерілуі мүмкін екендігі туралы айтылғанын, бұдан басқа да болжамдар туралы сөз болып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуына қарағанда, дәл қазіргі күні бензинге бағаның көтерілуіне қатысты ешқандай да алғышарт жоқ. Өйткені, бензинге тапшылық та жоқ, тек сатушылар арасында бәсеке ғана бар.

"Баға айырмасы салдарынан қазақстандық бензиннің Ресейге ағылуы да орын алған емес. Мұнда тек баға мәмілелері туралы мәселелер ғана бар, алайда онымен Бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу комитеті айналысады. Қазір өңірлердегі бақылауда тұрған 74 зерттеу нысанының басым бөлігі жанар-жағармай нарығы мен азық-түлікке қатысты болып табылады. Бұл мәселелер ұдайы бақылауда болады", - деді Е. Досаев.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!