Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды

Фотография - Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 1866 жылы Қарқаралы узеінде дүниеге келген

2352 0

ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсыныс қабылданды, деп хабарлады Baq.kz.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 1866 жылы Қарқаралы узеінде дүниеге келген. XIXғ. соңы мен XXғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде "Женщина в киргизкой былине Кобланды" атты мақаласы сарапталған. "Туркестанские ведомости" газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі "Қобыланды" жырындағы әйел бейнесі" деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: "Бұлар эпостың тарихилығы, "Қобыланды" жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, "Қобыланды" жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған, –делінген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!