Ауғанстан Президенті Ашраф Гани ресми сапармен Қазақстанға келді

Фотография - Ауғанстан Президенті Ашраф Гани ресми сапармен Қазақстанға келді

Бұл Мұхаммед Ашраф Ганидің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болып табылады

182 0

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Гани ресми сапармен Қазақстанға келді.

Бұл Мұхаммед Ашраф Ганидің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болып табылады.

Сапар барысында Ауғанстан Президентінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

Екі ел басшыларының келіссөздері барысында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударылады. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, білім беру, көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-саттық 2015 жылғы қаңтар-тамызда 8 пайызға өсті және 210 млн. долларды құрады. Қазақстан Ауғанстанға жыл сайын 5-7 млн долларға азық-түлік көмегін жолдайды. Қазақстан бұл елге гуманитарлық көмек ретінде 20 мың тоннадан астам азық-түлік жіберді. Ауғанстанның 1000 студенті Қазақстанда тегін білім алуда, деп хабарлады ҚР СІМ Твиттер-аккаунтында.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!