Елімізде медицина мамандарын даярлау сапасы сын көтермейді - Қ. Тоқаев

Фотография - Елімізде медицина мамандарын даярлау сапасы сын көтермейді - Қ. Тоқаев

Қ. Тоқаев медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелеріне де тоқталып өтті

164 0

Бүгін Парламент Сенатында өтіп жатқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен кездесу барысында сөз сөйлеген палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медицина кадрларын даярлау сапасын сынға алды.

Сөз барысында спикер Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласы бойынша алдыға жүктеген міндеттерге тоқтала келе, оны тиімді орындауда медицина кадрларын даярлау сапасының маңызды екенін атап өтті. "Мойындауымыз керек, бұл бағытта біздегі жағдай жақсы емес, сын көтермейді. Жыл сайын қоғамдық өмірдің стратегиялық саласы саналатын медицинаға біздің жоғары оқу орындарымызды тамамдаған жүздеген даярлығы төмен мамандар келіп жатыр. Қажетті білім мен дағдының жоқтығынан олар ұлттық денсаулы сақтау жүйесіне залалын да келтіруде. Бұл - жалпыға мойындалған факт. Ол туралы баршаңыз да білерсіздер", - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Дей тұрғанмен, палата спикері Қазақстанның қалаларында жоғары білікті мамандар бар екенін, олар қарапайым ауруханалар мен клиникаларда қызмет етіп жатқанын да тілге тиек етті.  

Бұдан бөлек, Қ. Тоқаев медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелеріне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, еңбекақы төлеудің жаңа моделіне сәйкес, медицина қызметкерлерінің жалақысы 7-ден 25 пайызға артады. Бұл ретте спикер аталған шараны маңызды қадам ретінде санағанымен оны жеткіліксіз деп есептейді.

"Дәрігерлерді баспанамен қамту проблемалары баршылық. Тұтастай алғанда медицина маманының беделін арттыра түсу қажет. Біз қыруар жұмыстар істейтін медбикелер мен санитарлардың еңбекақыларына үлкен назар аударуға тиіспіз. Біз өзіміз ұмтылатын батыс елдеріндегі жүйеде бұл бірнеше есеге жоғары", - деді Сенат Төрағасы.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!