Ұсталған топ Астанада теракт ұйымдастырмақ болған

Фотография - Ұсталған топ Астанада теракт ұйымдастырмақ болған

Астана әкімінің айтуынша, қалада жасырын топ мүшелері құрықталған

711 0

Астанада терактінің алды алынды. Бұл туралы Астанадағы заңдылықты, тәртіп пен қылмыспен күресуді қамтамассыз ету бойынша бағыттаушы кеңестің отырысы барысында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді, деп жазады Today.kz.

"Антитеррорлық мәселелер қазір бірінші орында. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы қалада, Парижде немесе басқа жерде ғана деп ойламаңыздар, төрт ай бұрын, Астанада теракт ұйымдастырмақ болған жасырын топты ұстады", - деді Жақсыбеков.

Қала әкімі мұндай қауіптердің алдын алуға үлкен көңіл бөлді. "Террористтік қауіптің алдын алу мен болдырмау жұмысын күшейту керек. Кеше қалалық антитеррорлық комиссияның отырысы өтті. Сәйкес құрылымдардың барлығына нұсқаулар берілді. Осындай форматта сауда орталықтарының, стадион, концерт залдарының басшыларын жинап, қауіпсіздігі жағынан қарау керек. Егер бұндай ЭКСПО қарсаңында болса бірден - онда қалай-болса солай, ұйымдастырылмаған деп ойлайды. Біз мұндайды минимализациялауға максималды түрде шара қолдануымыз керек, тек қылмыстық және терроризм мәселелері бойынша ғана емес, техникалық, кездейсоқтық сипатындағы", - деп атап өтті Астана әкімі.


Тегтер:

Астана теракт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!