"KazSat-2" және "KazSat-3" жер серіктері 2017 жылы 100 пайыз қызмет көрсетеді

Фотография - "KazSat-2" және "KazSat-3" жер серіктері 2017 жылы 100 пайыз қызмет көрсетеді

Келешекте халықаралық телепорт құру жоспарлануда.

472 0

Бүгін Алматы облысы, Іле ауданы,  Байсерке ауылдық округінде орналасқан "Көктерек" қазақстандық спутниктерді резервтік жерүсті басқару кешенінде баспасөз-туры өтті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Кешен замануи құрылғылармен толығымен жабдықталған. РЖБК объектісінде - энергоблок, антенналық жүйелер, басқару залы, резервтік командалық өлшеу станциясы, үздіксіз қоректендіру көздері бар.

Шараны  ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) мен "РҒБО" АҚ.

2013 жылғы 28 маусымда Алматы облысының Іле ауданындағы Байсерке кентіндегі "Көктерек" ҒБО пайдалануға берілді. "Көктерек" ҒБО пайдалануға берілуі Ресей Федерациясының аумағында орналасқан жерүсті басқару құралдарын жалға алудан бас тартуға және жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізу және пайдаланудың климаттық жағдайларының көтерілуі кезеңдерінде, сондай-ақ форс-мажорлық жағдайлар туындағанда "Ақкөл" ҒБО міндеттерін резервтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кешеннің аумағы 4,5 шаршы шақырым, қазіргі кезде 34 адам жұмыс жасайды", - дейді "Көктерек" ҒБО директоры Ермашов Роман.


"РҒБО" АҚ Қазақстан Республикасының ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып табылады және "KazSat" сериялы байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйесін (ҒБЖ) құру, дамыту және пайдалану бойынша шараларды жүзеге асырады.

"KazSat" сериялы ҒА базасында байланыс операторлары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телерадио хабарларын таратуды, спутниктік байланысты және деректер беруді ұйымдастырады.

"KazSat" ҒБЖ бірін-бірі өзара резервтейтін "KazSat-2" және "KazSat-3" екі байланыс және хабар тарату спутнигінен, ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесінен – "Ақкөл" ғарыштық байланыс орталығы (ҒБО), Алматы қаласының қасындағы "Көктерек" ҒБО тұрады және Қазақстан Республикасының бекітілген спутниктік байланыс арналарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Бүгінгі күні Қазғарыштың осы кәсіпорны Қазақстанның жетекші байланыс және хабар тарату операторлары, мемлекеттік органдары, күштік құрылымдары және жеке компаниялары үшін транспондерлік сыйымдылықты жалға беру қызметтерінің аса ірі жеткізушісі болып табылады.


"Ақкөл" ҒБО негізгі міндеттері "KazSat" сериялы байланыс және хабар тарату геостационарлық ғарыш аппараттарының ұшуын басқаруды және борттық қайта тарату кешенінің байланыс сипаттамалары мониторингін қамтамасыз ету. "Ақкөл" ЖБК "2008-2013 жылдардағы кезеңдеKazSat-2" және "KazSat-3" бағдарламалары бойынша жаңғыртылды "Ақкөл" ҒБО және "Көктерек" ҒБО құру кезінде жүзеге асырылған инновациялық технологиялық шешімдер басқару орталықтарының базасында телекоммуникациялық операторлардың байланыс тораптарын ұйымдастыруға және қазіргі заманғы ресурсты көп қажет ететін жүйелердің көтеріңкі талаптарын қамтамасыз ете отырып сервистердің қолжетімділігінің жоғары деңгейіне кепілдік беруге мүмкіндік ашты.

"Көктерек" ҒБО базасындағы қызметтер кешені толық тәуелсіз байланыс инфрақұрылымын, жерүсті арналарын резервтеу мүмкіндігін, сондай-ақ өз кезегінде "РҒБО" АҚ әлеуетті клиентіне қызметтерін бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіре отырып, бүкіл ел бойынша қолжетімді етіп, алыстағы өңірлерге байланыс пен деректерді беру қызметтерін беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!