ҚМДБ діни журналистер тобын қалыптастыру мәселесін қарастырды

Фотография - ҚМДБ діни журналистер тобын қалыптастыру мәселесін қарастырды

Отырыста сонымен қатар журналистерге арналған әдістемелік оқу-құралы да талқыланды

382 0

Астанада өткен Мәдениеттер мен діндердің орталығы жанынан құрылған Әдістемелік Кеңесте діни журналистер тобын қалыптастыру мәселесі қаралды.

Басқосуға төрағалық еткен Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Мұхамеджанұлы бұқаралық ақпарат құралдарында Ислам тақырыбы өзекті мәселеге айналғанын сөз етті. Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы орталықтың жұмысы туралы және журналистермен әріптестік қарым-қатынас орнатудағы маңызды мәселелер жайлы ойларын ортаға салды.

Отырысқа қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы кейбір журналистер үшін Ислам діні рейтинг көтеру құралына айналып кеткенін ашына жеткізді.

«Қазан қаласында діни журналистерді даярлайтын арнайы орталық жұмыс істейді екен. Мүмкін біз де осыған мән беруіміз керек шығар. Уақыт осыны талап етеді. «Нұр Мүбәрак» университеті жанынан шеберлік сыныбын ашып, Діни басқарманың теолог-ғалымдарының жас журналистерге арналған дәрістерін тұрақты өткізіп тұруға болады. Сонымен қатар, еліміз бойынша журналистерді даярлайтын іргелі оқу орындарына да осындай сабақтарды жүргізген дұрыс», – дейді ҚМДБ баспасөз хатшысы А.Қонарбайұлы.

Отырыста сонымен қатар журналистерге арналған әдістемелік оқу-құралы да талқыланды.



BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!