Антимонополия комитеті Gelios пен Sinooil станцияларында бензин бағасын тексерді

Фотография - Антимонополия комитеті Gelios пен Sinooil станцияларында бензин бағасын тексерді

Жанармай бағасын негізсіз көтеруден түскен пайданы тәркілеуден алынған айыппұл көлемі 220 милион теңгеден асады

324 0

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу мен бәсеклестікті қорғау комитеті 104 ЖЖМ сатушыларына 23 тергеу тағайындады, деп жазады Today.kz ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасай отырып. Негізсіз баға көтеруден алған пайдаға салынған айыппұл көлемі 220 миллион теңгеден асуы мүмкін.

Министрдің айтуы бойынша, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Жамбыл облыстарындағы 104 субьект бойынша 14 тергеу аяқталды, соның ішінде, жеке жанармай станцияларына да қатысты тергеу.

"Сонымен бірге, "КМГ Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС сияқты ірі ЖЖМ сатушыларына қатысты бәсекеге қарсы келіскен амалдар белгілері бойынша, АИ-92/93 және АИ 95/96" маркалы бензин бағасын көтеруге қатысты нарық субьектілерін тергеу амалдары аяқталды", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуына қарағанда, негізсіз түскен пайданы тәркілеуден алынған айыппұл көлемі 220 милион теңгеден асады.

Ерболат Досаев негізсіз бағаны көтеру бойынша жұмыс үнемі бақылауда екенін атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!