Исекешев: Кәсіпорындар енді өздеріне ғана сене алады

Фотография - Исекешев: Кәсіпорындар енді өздеріне ғана сене алады

Әсет Исекешев индустриализацияның екінші бесжылдығында кәсіпорындарға көрсетілеті мемлекеттік қолдау бойынша өзгерістер туралы айтып берді

331 0

Қазақстанда ИИДМБ-2 (индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы) аясында институциялды жағдайға өту арқылы кәсіпорындарды қолдаудан айыру жоспарлануда. Бұл туралы премьер министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өтіп жатқан селекторлық отырыс барысында ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп жазады Today.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы салынып біткен жобалардың жартысы, мүмкін салынып та жатқандар аяғында бәсекеге қабілетсіз болып қалатынына назар аударды. Тұрып қалады немесе бізге айтатыны: қаржымен көмектесіңіздер, әйтпесе біз тұрып қаламыз да, сіздерде біраз адам жұмыссыз қалады. Нақты мақсат – бәсекеге қабілетті кәсіпорындар алу. Қазір кәсіпорындармен жағдай қалай?", - деп сұрады Кәрім Мәсімов министр Әсет Исекешевтен.

Өз кезегінде ҚР ИДМ басшысы, индустриализацияның екінші бесжылдығы аясында кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудан бас тарту жоспарланып отырғаны және министрдің айтуынша, кәсіпорындар енді өзіне ғана сену керек болатынын айтты.

Сонымен бірге, министрдің сөзінше, мемлекет кәсіпорындарға адам капиталын дайындау, инфрақұрылымдық және бизнес климатты жақсарту түрінде қолдау білдіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!