Алдағы үш күнде ауа-райы жылына бастайды

Фотография - Алдағы үш күнде ауа-райы жылына бастайды

Тропосферада қалыптасқан ауа массасының батыс-шығысқа ауысуы Қазақстанның солтүстік жартысында температураның едәуір көтерілуіне әсер етті

293 0

Тропосферада қалыптасқан ауа массасының батыс-шығысқа ауысуы Қазақстанның солтүстік жартысында температураның едәуір көтерілуіне әсер етті, депжазады 24-26 қарашадағы ауа райын болжаған "Қазгидромет" РМК

"Өткен аптада ауа температурасы 8-13º нормадан төмен болса, түнгі температура 30 градусқа дейін төмендеді. Алдағы үш күнде Атлантика аудандарынан келген жылы ауаның ықпалымен республиканың барлық аумағында 3-10º климаттық нормадан жоғары болады", - деп хабарлады мекемеден.

Бұл ретте облыстардың  басым бөлігінде бұлтты ауа райы сақталады. Жер-жерлерде жауын-шашын, жылбысқы қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ  болады деп күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана Сібір антициклоны тарамдарының ықпалымен ауа райы ашық болып, түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.



Тегтер:

күн жылынады

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!