Айына шамамен 21 млрд теңгенiң мүлкi жария етіліп отыр

Фотография - Айына шамамен 21 млрд теңгенiң мүлкi жария етіліп отыр

Бүгінгi күнi барлығы 408 млрд теңге жария етілді

154 0

Мүлiктi жария ету жұмыстары тұрақты жүргізілуде және айына шамамен 21 млрд теңгенi құрап отыр. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрiнiң төрағалық етуiмен селекторлық режимде өткен Үкiмет отырысында ҚР қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мәлiмдедi.

"Бүгінгi күнi барлығы 408 млрд теңге жария етілді. Егер, мүлiк бойынша айлық орташа үрдiс тұрақты және айына шамамен 21 млрд теңгенi құраса, қаражат бойынша бұл қарқынның төмендегенi байқалады. Сонымен, егер, айына 5,8 млрд теңге заңдастырылса, соңғы жарты жылда бұл 2,5 млрд теңгенi құрады. Наурыз-сәуiр айларында жекешелендiру қарқынды жүрiп, 55 млрд теңге жария етілді", - дедi Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, бұл бүгiнгі күні заңдастырылған жалпы соманың 68%-ын құрап отыр.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!