Жалақының уақыты төленуі басты назарда – Т. Дүйсенова

Фотография - Жалақының уақыты төленуі басты назарда – Т. Дүйсенова

Бүгінгі таңда елімізде жалақы төлеу мерзімін үш айдан асырған 16 кәсіпорынның жұмысшыларға берешегі 217,5 млн теңгеге жеткен көрінеді

242 0

Үкіметте өткен кеңейтілген отырыста елдегі жұмыссыздық пен жалақының төлеуіне қатысты мәселе төңірегінде сөз алған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жалақының уақытылы төленуі басты назарда екендігін баса айтты. 

"Жыл басынан бері республика бойынша 2,2 млн. адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін 72 540 мемарандумға қол қойылған болса, оның 79 пайызы ірі, ал 45 пайызы шағын және орта кәсіпорындар санатына жатады. Сондықтан да біз жұмысшылар жалақысының уақытылы төленуіне басымдық беріп отырмыз", – деді Тамара Қасымқызы.

Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде жалақы төлеу мерзімін үш айдан асырған 16 кәсіпорынның жұмысшыларға берешегі 217,5 млн теңгеге жеткен көрінеді.

"Бұл дегеніміз, 685 маман еткен еңбегінің ақысын ала алмай жүр деген сөз. Сондықтан да біз осындай мәселеге ұшыраған адамдардың қатарын көбейтпей, түйінді тарқату үшін 105 рет дағдарысқа қарсы шаралар мен соған қатысты мәселер талқыланған жиын-кеңестер өткіздік. Осы шара аясында үшжақты комиссия құрылып, 1 139 кәсіпорынның проблемасы талқыланды", – деді министр.


BAQ.kz  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!