Отандық автоиндустрия қатысушылары бір одаққа бірікті

Фотография - Отандық автоиндустрия қатысушылары бір одаққа бірікті

"ҚазАвтоПром" аталған бұл бірлестік кәсіпорындардың төл бастамасымен құрылып отыр

317 0

 "ҚазАвтоПром" аталған бұл бірлестік кәсіпорындардың төл бастамасымен құрылып отыр.

Одақ құрылтайшылары арасында СемАз, "Дэу Бас Қазақстан", "Азия Авто", "Бипек Авто Қазақстан" сияқты ірі өндірушілер бар. Олардың үлесіне отандық автоөнеркәсіп өнімдерінің 74%-ы, қазақстандық жаңа автомобильдер нарығының 50%-ы және автомобиль саласындағы қызметтің 40%-ы тиесілі. Одақ толығымен автомобиль жасау ісін дамытуға бейімделген. Көптен күткен салалық бірлестік тұрақты инвестициялық климат тиімді нормативтік-құқықтық база құруға және табысты автоөндірушілерді бір жерге шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Дәулет Бақберген, "ҚазАвтоПром" АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
"Қазақстан автомобиль өнеркәсібінің құрылғанына биыл 12 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде республикамыздың аумағында жеңіл автомобиль, жүк және автобус теxникасын шығаратын бес өндірістік алаң құрылды. Қазіргі таңда олардың өнімдері отандық тұтынушылардың сенімінен шығып отыр. Енді осы автоөндірушілердің мүддесін толық қорғайтын салалық бірлестіктің құрылғаны туралы қуанышты xабарды өздеріңізбен бөліскелі келдік".

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!