Ө. Шөкеев: "Самұрық-Қазына" АҚ-ның бизнес-құрылымы жаңартылды

Фотография - Ө. Шөкеев: "Самұрық-Қазына" АҚ-ның бизнес-құрылымы жаңартылды

Өмірзақ Шөкеев өзі жетекшілік ететін компаниядағы бизнес-құрылым үлгісі жаңартылғандығын атап өтті.

396 0

Премьер-министрдің жетекшілігімен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған "Самұрық-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат Қоры" АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзі жетекшілік ететін компаниядағы бизнес-құрылым үлгісі жаңартылғандығын атап өтті, - деп хабарлайды Baq.kz.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, трансформация аясында біздің компаниялар тобындағы бизнес-құрылымның үлгісі жаңартылды. Онда жетекші лауазым иелері мен оның негізгі кілттерінің талаптары айқындалған. Сондықтан да қазіргі кезде әрбір қызметкер мен оның лауазымының жаңа үлгі талаптарына сәйкестігі бағаланып, саралану үстінде. Бұл процесс алдағы жылдың 1 сәуірініне дейін жалғасатын болады, - деді Өмірзақ Естайұлы.

Төрағаның айтуынша, тап осы секілді трансформация үдерісінің кейбір функциялары 2016 жылдың екінші тоқсанына дейін "Самұрық-Қазының" барлық еншілес компанияларында толық жүзеге асырылатын болады деп жоспарланған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!