Келесі жылы Атырау-Астрахань республикалық автожолының құрылысы басталады

Фотография - Келесі жылы Атырау-Астрахань республикалық автожолының құрылысы басталады

2016 жылы Атырау облысында Қазақстан мен РФ-ның Астрахань облысын байланыстыратын республикалық автотрассаның құрылысы басталады

231 0

2016 жылы Атырау облысында Қазақстан мен РФ-ның Астрахань облысын байланыстыратын республикалық автотрассаның құрылысы басталады.

Құрылыс аяқталған соң жол Атырауды Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасымен байланыстырады.

"Облысымызда республикалық маңыздағы барлығы 990 километр жол бар. Олардың шамамен жартысының жағдайы көңіл көншітпейді: көптеген жылдар бойы мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. 2016 жылдан "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша  432 километр жол салу қажет. Алдымен, бұл Атырау-Котяевка жолы учаскесінің 277 километрі. Мұннан жол Ресейге қарай бағыт алады.  6 ұйым қатысып жатқан жобалық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.  Ары қарай - конкурс. 2016 жылдың ортасына қарай құрылыс басталуы тиіс", -  деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аманжан Тәкешев.

Атырау-Астрахань жаңартылған жолы үшін Ресей Еділ өзені арқылы өтетін жаңа көпір салуға дайын. Бұл туралы биыл Астрахань облысының  губернаторы Александр Жилкин мәлім етті.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!