Сапарбаев: Нұрқатова мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзды

Фотография - Сапарбаев: Нұрқатова мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзды

Бердібек Сапарбаев Нұрқатова мен оның туыстары енді әкімдікте жұмыс істемейтінін айтты

499 0

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен брифинг барысында өзінің орынбасары Сара Нұрқатованың жұмысына және оның әкімдіктегі ұлы мен келінінің сәтті мансаптық жолы туралы айтып берді, деп жазады Today.kz. Әкімнің сөзіне қарағанда, Нұрқатова мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзған.

"Нұрқатоваға қатысты, мен онымен бірнеше рет сөйлестім. Ол мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексіне байланысты қателік жіберді. Ол бірнеше күн бұрын ғана арыз берді, енді ол өз еркімен жұмыстан босатылады. Оның жұмысы, ұлы мен келініне қатысты мәселелердің барлығын анықтап алдық. Ұлы орнынан кетті. Келіні де ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды", - деді Бердібек Сапарбаев.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың отбасына қатысты дау туындаған. Оның ұлы мен келіні облыс әкімдігінде биік мансапқа жеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!