Ақтөбе облысының әкімі өз көлігін газға ауыстырады

Фотография - Ақтөбе облысының әкімі өз көлігін газға ауыстырады

Сонымен бірге, аймақтың бюджеттік көліктерінің барлығы газбен жүретін болады

217 0

Ақтөбе облысының бюджеттік көліктері газға ауыстырылады. Бұл туралы ОКҚ-дағы брифинг барысында аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп жазады Today.kz. Әкімнің айтуынша, бұл автопарктің шығынын екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Әкім өзінің қызметтік көлігін де газбен жүретіндей ететіндігін атап өтті.

"Бүгінде ең арзан газ – Ақтөбе облысында. Біз бюджеттік көліктерді бірінші кезекте газға ауыстыруға шешім қабылдадық, бұл бізге шығынды қысқартуға, жанар-жағармайды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір көлікті газбен жүретіндей етіп ауыстыру 130-дан 170 мыңға дейін тұрады. Егер бензин литрі 120-дан 139 теңгеге дейін тұрса, газға ауысқанда бұл 23 теңгені құрайтын болады. Міне газға өту қаншалықты тиімді, оның үстіне біз газды өзіміз өндіреміз. Біз Ақтөбеде және аудан орталықтарында газ құю станцияларын сала бастадық. Өз көлігімді де, әрине, газға ауыстырам, мен үлгі болуым керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облысының билігі Еуразиялық қайта қалпына келтіру және даму банкімен сумен қамтамассыз ету, суды бұру мен жылумен қамсыздандыру нысандарын салу мен жөндеу бойынша жеті миллиард долларлық келісім жасасты.

"Кеше ғана Азиялық даму банкі өкілдігінің жетекшісімен кездестім. Біз оларға да 15 миллиард теңгенің 31 жобасын ұсындық. Бұл тұрғын үй-коммуналдық сектор, тұрғын үй мен жол салу жобалары", - деп атап өтті әкім.

Сондай-ақ ол, биыл облыс бюджеті 2,3 миллиард долларға оңтайландырылды, тұрып қалған және жұмыс істемейтін кәсіпорындар бойынша жұмыс жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!