Шөкеев ұлттық компания менеджерлерінің бонусын талқылау әдепсіздік деп атады

Фотография - Шөкеев ұлттық компания менеджерлерінің бонусын талқылау әдепсіздік деп атады

Оның айтуынша "Самрұқ-Қазына" қорында бұлай етпейді

560 0

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев ұлттық компаниялардағы бонустар жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Today.kz.  Ол топ-менеджерлердің бонустарын сөз ету әдепсіз деп есептейді.

"Адамды қысқа уақыттық жұмысқа ауыстырып, ал топ-менеджерлер бонус түрінде сыйақы алатыны қалыпты. Уақытқа қарау керек. Контексттен бір нәрсені жұлып алып, сенсация қылады – мен мұнымен келіспеймін. Әңгіме менеджердің 2013-2014 жылдары алған бонустары жайында. Олар ол кезде сол графикпен жұмыс істеді", - деді Өмірзақ Шүкеев ҚР Мәжіліс Парламентіндегі пленарлық отырыс барысында.

Оның айтуынша, 2013 пен 2014 жыл ҚТЖ мен "Самұрық-Қазына" үшін жақсы жылдар болған. "Пайда болды, сайттан ҚТЖ-ның қандай пайда түсіргенін көруге болады. Жалпы компанияның сыйақы төлеу жүйесі 2006 немесе 2007 жылы құрылған. Бонустар компанияның пайдасына байланысты, бірақ олар үш айлықтан жоғары болмайды. Сондықтан, 15 адамның бонусын алып, үлкен сандар шығару – бұл дұрыс емес. 15 адамға бөлу керек, бұл сондай көп болмайды", - деді компания басшысы.

Оның пікірінше, менеджерлердің бонусын жалпы халық алдында жариялауға болмайды. Бұл инвестициялық климатқа тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ ол осы жылы жағдайдың ауырлығы мен пайданың болмайтынына байланысты ешкім бонус алмайтынын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, 15 қарашада әлеуметтік желіліер мен БАҚ-та ҚТЖ-ның жұмысшылары компанияның шенді қызметкерлері миллиондаған бонустар алатындығына наразылық білдірген аты-жөні көрсетілмеген хат тараған болатын. Кейін "Қазақстан темір жолы" компаниясының қызметкерлері миллиондаған бонустар туралы ақпаратты жоққа шығарды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!