Әділбек Жақсыбеков "Алматы"мен "Сарыарқа" аудандарының жаңа әкімдерін таныстырды

Фотография - Әділбек Жақсыбеков "Алматы"мен "Сарыарқа" аудандарының жаңа әкімдерін таныстырды

сурет astana.gov.kz сайтынан

Әділбек Жақсыбеков екі әкім де еңбек жолында өздерін жақсы жағынан көрсете білгендігін атап өтті

197 0

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкім аппараттарына жаңа әкімдерді таныстырды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының жаңа әкімдері қызметіне ұсынылған Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев пен Павел Сергеевич Кулагиннің кандидатураларын бірауыздан қолдады.

Әділбек Жақсыбеков екі әкім де еңбек жолында өздерін жақсы жағынан көрсете білген, түрлі лауазымдарды атқаруда тәжірибелері мол екендігін айтты.

Е.Қ. Бөлекпаев бұған дейін Сарыарқа ауданының әкімі қызметін, оған дейін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жүйесінде, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Агенттіктің аумақтық басқармаларында басшы, Астана қаласы Тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

П.С. Кулагин бұған дейін Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, "Алматы" ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Ә. Жақсыбеков сондай-ақ, аудандық әкімдіктер ұжымдарына алдағы кезеңге міндеттерді белгілеп берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!