Бес жылдан кейін дәрі-дәрмектер үшін импорттық баж алынбайды

Фотография - Бес жылдан кейін дәрі-дәрмектер үшін импорттық баж алынбайды

Қазақстанда дәрі-дәрмектер үшін импорттық баж 0%-ға дейін төмендетіледі

283 0

Қазақстанда дәрі-дәрмектер үшін импорттық баж 0%-ға дейін төмендетіледі. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі министрі Жанар Айтжанова мәлімдеді.

"Бүгін Сенаттың Бас комитетінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі барысында қабылдаған міндеттемелерін іске асыруға жағдай жасайтын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше 5 мемлекеттің басшысы 16 қазанда Бурабай қаласында қол қойған хаттаманы депутаттардың назарына ұсындық. Бұл хаттама бойынша Қазақстан ДСҰ-ға кірген жағдайда осы ЕАЭО-ға мүше бес мемлекет қолданып отырған бірыңғай импорттық баж деңгейінен басқаша міндеттемелер қабылданған болатын. Мысалы, біздің міндеттемелеріміз бойынша Қазақстан 4 мың тауарлық позицияға жеңілдетілген немесе ЕАЭО қолданып отырған бірыңғай тарифтен төмен деңгейдегі импорттық баж қолданатын болады", – деді Ж.Айтжанова.

Министрдің айтуынша, осы процестердің нәтижесінде еліміздегі дәрі-дәрмектер мен емханаларда пайдаланылатын құрал-жабдықтар үшін Қазақстан өз тарапынан 0%-дық импорттық бажды қолданатын болады және қазір 5%-ды құрайтын импорттық бажды төмендету кезең-кезеңімен жүріп, бес жылда межелі 0%-ды құрайтын болады.

"Одан басқа, азық-түлік пен көлік үшін де Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін қолданатын импорттық баж деңгейі қазіргіден төмен болады. Мысалы, егер, жеңіл көлік жайлы айтсақ, олар үшін ЕАЭО қолданып отырған 25%-дық импорттық баж деңгейі 15-18% шамасында болмақ. Мұның барлығы еліміз аталған ұйымға мүше болғаннан кейін қолжетімді болатын мүмкіндіктер. Айта кету керек, қазанның 15-не дейін біз барлық ратификациялау процесін аяқтадық және Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығына біздің ратификацияланған құжаттар пакетін ұсындық. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының толық мүшесі болуы ресми түрде осы жылдың 15 желтоқсанында Найроби қаласында өтетін ДСҰ министрлік деңгейіндегі конференциясында жарияланатын болады", – деді ол.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!