Г. Әбдіқалықова IV Еуразиялық әйелдер саммитіне қатысты

Фотография - Г. Әбдіқалықова IV Еуразиялық әйелдер саммитіне қатысты

Еуразиялық әйелдер саммиті осымен төртінші рет өтіп отыр.

443 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Төртінші Еуразиялық әйелдер саммитіне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының 20 жылдық  мерейтойына арналған саммит жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарбаева, Парламент депутаттары, Ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.
Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысы "Қазақстан – 2050" стратегиясын іске асыру мақсатымен Бес институционалдық реформаны ұсынғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамаларын Қазақстан әйелдері әрқашан қолдап келе жатқанын, бұл ретте әйелдердің реформаларды іске асыруға белсене қатысуы негізгі жайттың бірі болып табылатынын айтты.
Мемлекеттік хатшы форумға қатысушылар назарын әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытудың маңыздылығына аударды. Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін "Даму" қоры шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 миллиард теңгеден астам қаржылық жәрдем жасады, Азия даму банкі 2011 жылдан бері 412 кәсіпкер әйелдің жобасын қаржыландырды,  Еуропаның қайта құру және даму банкі жалпы құны 41 миллион АҚШ доллары болатын несие бөлді. 
Г.Әбдіқалықова бәсекеге қабілетті тауарлар шығару және ұсынылатын қызметтер деңгейін көтеру, инновациялық бастамалар мен жоғары технологиялық бизнес жобаларын жасау және оларды енгізу, өңірлердегі кәсіпкер әйелдерді қолдау жөнінде іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, әсіресе ауылдық аймақтарда жандандыру жайына тоқталды. 

Саммиттің жалпы отырысы соңында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның кәсіпкер әйелдері өндірген ең үздік тауарлар қойылған "Бизнестегі әйелдер – 20 қазақстандық бренд" атты республикалық көрмені салтанатты түрде ашты. Көрме қорытындысында түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!