ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға әйелдер бизнесі шақырылады

Фотография - ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға әйелдер бизнесі шақырылады

"Жасыл" экономиканы дамыту және "ЭКСПО-2017" көрмесіне әйелдерді тарту мақсатында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

382 0

Қазақстанда "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрмесіне кәсіпкер-әйелдерді қатыстыру тұжырымдамасы жасалуда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

"Жасыл" экономиканы дамыту және "ЭКСПО-2017" көрмесіне әйелдерді тарту мақсатында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Әйелдер істері және отбасы-демографиялық комиссиясы мен "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы Қазақстанда "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрмесіне кәсіпкер-әйелдерді қатыстыру тұжырымдамасын жасауда. Онда шамамен 150 шара өткізу жоспарланған", - деп атап өтті ол Астанада өткен Әйелдердің Еуразиялық саммитінде. 

"Бүгінгі саммиттің делегаттары осы іске сеніммен қарап, ЭКСПО-2017 қозғалысының елшілері болатынына сенемін", - деді Г.Әбдіхалықова.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтпек. Көрме тақырыбы - "Болашақ энергиясы". Оған шамамен үш айдың ішінде 5 миллион турист келеді деп күтілуде.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!