EXPO-2017 көрмесіне 54 ел қатысуға ниетті

Фотография - EXPO-2017 көрмесіне 54 ел қатысуға ниетті

Сонымен қатар аталған көрмеге 11 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдірген.

335 0

Бүгінгі таңда EXPO-2017 көрмесіне 54 мемлекет пен 11 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдірген.
29 секция комиссары бекітіліп, көрмеге қатысатын 12 елмен келісімшартқа қол қойылыпты. Қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі әлемнің 149 мемлекеті мен 38 халықаралық ұйымға арнайы шақырту жіберген.
"ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа "Болашақ энергиясы" тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!