Қаңтардан бастап ретрансляцияланатын арналарда жарнама көрсетілмейді

Фотография - Қаңтардан бастап ретрансляцияланатын арналарда жарнама көрсетілмейді

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, "Телерадиохабар тарату туралы" заңға өзгерістер күшіне енеді

650 0

 2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда "Телерадиохабар тарату туралы" заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Мемлекет басшысы қол қойған бұл түзетулер бойынша трансляцияланатын шетеджік телеарналарда жарнама көрсету тоқтатылады, деп жазады Тoday.kz "31" арнаға  сілтеме жасай отырып. Сарапшылардың пікірінше, бұл жарнамаға төленетін үлкен қаражаттың шетелдіктер қалтасына кетпей, ел ішінде қалып, отандық телевидениені дамытуға бағытталуы мүмкін. Сонымен бірге, елімізде ұлттық, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз етуге септігін тигізеді.

 

 "Телерадиохабар тарату туралы" заңының 34-бабына енгізілген түзетулер бойынша ретрансляцияланатын телеарналарда жарнама таратуға толық тиым салынады. Өзгерістер ресми БАҚ бетіне қарашаның басында басылып шыққан.

 

Заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулерге қарсы болғандар да бар болып шықты және бұл жайында пікірталастар да өткізген. Алайда көптеген белді қоғам қайраткерлерінің айтуынша, бұл өзгерістер тек оң әсер бермек. Мәселен Қазақстан журналисттер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев кабельді телевидение біраз шығынға ұшырағанмен, бұл мәселе әлі шешімін таппаған және ретрансляцияланатын контент операторлары жарнаманы шексіз көрсете берген. Тіпті, олардың барлығы менталитетімізге сай келмегендігін жеткізді. – "Сондай-ақ, жарнама Ғаламтор бетіне ауысып кетеді дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Біріншіден, Қазақстанда халық саны ондай көп емес. Екіншіден, Ғаламторды негізінен пайдаланушы Астана, Алматы мен Қарағанды тұрғындары ғана", - дейді Қазақстан журналисттер одағының төрағасы.

 

"31" арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметовтың сөзіне қарағанда, соңғы бірнеше жыл бойы журналисттер қауымы осындай өзгерістер керектігін айтып шаршаған. Енді міне осы тілектері орындалып, отандық телевидениені дамыту жолындағы үлкен бөгет алынып тасталды. –"Үлкен қаржы – біздің есебімізше, жылына төрт миллиард теңге – енді ішкі нарықта қалады, кәсіби индустрида және оның дамуына, қазақстандық теле өнімнің әлемдік деңгейге көтерілуіне қызмет ететін болады",- дейді Бағдат Қожахметов.

 

Ал, белгілі саясаткер Досым Сәтпаевтың айтуына қарағанда, бұл ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан өте тиімді. Біздің республика шетелдік БАҚ-тардың апараттық колониясына айналғанын, олар азаматтарымыздың санасын қалыптастырып, өздерінің ақпарттық соғыстарына тартқаны жайында саясаткер бірнеше рет айтқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!