ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар тізімі

Фотография - ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар тізімі

Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар мәдени және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

782 0

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде "Көшбасшы болу уақыт талабы" атты конференция өтті.
Ал енді 27 қараша күні аталған музейде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Тарихи таңдау" ғылыми-экспозициялық жобасының логикалық жалғасы болып табылатын "Тарихи таңдау. Өрлеу" атты тақырыптық қор көрмесі ашылады.
28 қарашада Оқушылар сарайында көркем гимнастикадан "Астана-Бәйтерек" республикалық жарысы өтеді.
Ал 29 қарашада кішкентай елордалықтар IV "Астана-Арай" ашық балалар музыкалық шығармашылық фестиваль-байқауында өзара жарысқа түседі.
30 қарашада №1 Өнер мектебі көркемөнер бөлімі оқушыларының "Елбасына тілек" атты сурет байқауын ұйымдастырмақ. Елордалық кітапханаларда түрлі мерекелік іс-шаралар, оның ішінде, кітап көрмелері өтеді. Жас қала тұрғындарына өз мерекелік бағдарламаларын дайындаған аула клубтары да бұдан қалыс қалмайды.
29 қарашадан 1 желтоқсанға дейін "Дәулет" спорт кешенінде әуесқойлар үшін теннистен Қазақстан Республикасы Чемпионатының ашық турнирі өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір турнир сайын қатысушылар саны мен олардың шеберлігі артып келеді.
30 қарашада Агротехникалық университетте Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін дамытудағы жастардың әлеуеті" тақырыбында студенттік конференция өткізеді.
Бұдан бөлек, 30 қараша мен 7 желтоқсан аралығында АЛЖИР мұражайында "Мемлекет басшысы – дана көшбасшы" тақырыбында көрме өтеді.
1 желтоқсанда "Астана Опера" театрының Камералық залында "Елім деп соққан жүрегі" атты мерекелік концерт өтеді. Кеш бағдарламасында қазақстандық, орыс және батыс еуропалық композиторлардың вокалдық және аспаптық шығармалары орындалады.
Бұрын хабарланғандай, 1 желтоқсанда еліміздің жаңажылдық бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді. Биыл ол "Хан Шатыр" СОО алаңына қойылды. Бұл күні сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Қазақстан" Орталық концерт залында "Тұлға. Елбасы.Тарих" атты концерт өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!