Шәкірттерін сабаған ұстаз туралы даулы бейне Қазақстанда түсірлмеген - ІІМ

Фотография - Шәкірттерін сабаған ұстаз туралы даулы бейне Қазақстанда түсірлмеген - ІІМ

ҚР ІІД криминалдық полиция департаментінде бейнероликті тексерген

6381 0

ҚР Ішкі істер министрлігінде The Daily Mirror британдық газетінің онлайн-нұсқасында жарияланған шу тудырған бейнероликке тексеріс жүргізілді, деп жазады Today.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Роликтің Қазақстанда түсірлмегені анықталды.

"Берілген бейнеролик бойынша криминалдық полиция департаменті тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша, британдық Daily Mirror газеттінің онлайн-нұсқасында жарияланған бейненің еліміздің аумағынан тыс жерде түсірілгені анықталды", - делінген редакцияның ресми сұранысына жауап ретінде.

Естеріңізге салсақ, британдық The Daily Mirror  газетінің онлайн-нұсқасы "исламдық мектеп сұмдығы" көрсетілген бейнені жариялағын болатын. Ағылшындық БАҚ өкілдерінің пікірінше, кадрда қазақстандық ұстаз шәкірттерін шыбықпен сабаған. Сонымен бірге шетелдік басылым Қазақстан мектептерінде қол жұмсау заңсыз екенін атап өтеді.

ҚР ІІМ бейнені алғашқы тексеру кезінде роликке қатысушылар шет тілде сөйлегені анықталды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы да бұл туралы өз пікірін айтты. Басқарма Қазақстанда діни мектептер қызмет етпейтіндігін жеткізді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері бойынша комитетінің мәліметі бойынша, ҚМДБ-ның жұмыс істеп тұрған білім мекемелерінде денеге жарақат түсіру мен денсаулыққа зиян келтіру фактілері тіркелмеген, қол жұмсап жазалау қолданылмайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!