Туристік операторлар: Қазақстандықтар Түркиядағы демалыстан бас тартпайды

Фотография - Туристік операторлар: Қазақстандықтар Түркиядағы демалыстан бас тартпайды

Түркия мен Ресей арасындағы жағдай қазақстандық туристерге зиянын тигізбейді. Отандық мамандар осылай деп мәлімдеді.

268 0

Ресейдегі туристік операторлар болса, Су-24 әскери ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Түркияға жолдама сатуды тоқтататынын хабарлаған болатын деп хабарлайды КТК арнасы.

Егер еліміздегі ресейлік компаниялар да Түркиямен туристік қатынас жасаудан бас тартса, бұл саяхатшылар үшін кедергі болмайды. Мұндай жағдайда, қазақтардың тапсырысын отандық компаниялар орындайды. Яғни Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс қай жағдайда да үзілмейді.

Еліміздегі туристік агенттіктер қауымдастығының мәлімдеуінше, Түркияға жолдаманың бағасы да бұрынғыша қалады, тіпті арзандай түсуі де мүмкін. Жалпы бұл елге демалуға жыл сайын Қазақстаннан 240 мыңнан астам адам барады екен. Қазір ресейліктер алдын-ала сатып алған жолдамаларын кері қайтарып жатқанымен, бізде ондай жағдай байқалып отырған жоқ.

"Түркияға алған жолдаманы кері қайтарып жатқан бірде-бір турист жоқ. Біз де олардың демалатын елін өзгерту мәселесін қарастырмадық. Себебі, онда сапар шегуден бас тарту үшін ешбір негіз жоқ. Түркия отандастарымыз үшін қолайлы демалыс аймағы боп қала береді", – дейді туристік компания директоры Анна Загоруйко.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!