Аномальді жылы ауа-райы Қазақстан аумағында 28 қарашаға дейін сақталады

Фотография - Аномальді жылы ауа-райы Қазақстан аумағында 28 қарашаға дейін сақталады

26-28 қараша аралығында ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа жоғары болады

961 0

Қазақстанда ауа-райының жылдам алмасуы Атлантикадан ауа массасының тропосферапдағы ағымына байланысты. Жақын күндері Ресейдің еуропалық аумағы мен Каспийдің оңтүстігіндегі антициклонды циклон мен атмосфералық фронттар алмастырады, деп жазады Today.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып..

Шығысқа қарай ығыса отырып, олар Қазақстанның барлық аумағына жаңбыр, қар, көктайғақ пен секундына 15-25 метр жылдамдықтағы батыстан жел әкеледі. Алайда, 28 қарашада еліміздің батысына кезекті антициклон келуіне байланысты мұнда жауын-шашын тоқтайды. 26-28 қарашада ауа температурасы климаттық нормадан сол күйде 5-10 градусқа жоғары болады.

Естеріңізге салсақ, ауа-райының жылуы және қар аралас жаңбырға байланысты бірқатар облыстарда жол жүру жағдайы қиындап кеткен.

Осы аптада Қазақстанның бірден екі облысында ауыр жағдай туындаған. Осылайша, Қостанайда көктайғақтан 400-дей адам зардап шегіп, олардың 60 ауруханаға жатқызылған. Ал астанада 26 қарашада 1-4 сынып оқушыларының сабағы тоқтатылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!