Мәжіліс спикері Санкт-Петерборда бірқатар екіжақты кездесу өткізді

Фотография - Мәжіліс спикері Санкт-Петерборда бірқатар екіжақты кездесу өткізді

Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов ресейлік және пәкістандық әріптестерімен кездесті

197 0

Санкт-Петербор қаласында өткен ТМД Парламентаралық Ассамблея және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының шаралары аясында Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов ресейлік және пәкістандық әріптестерімен кездесті.

Ресей Федералды жиынының Мемлекеттік дума төрағасы Сергей Нарышкинмен өткен кездесулердегі тақырыптардың бірі аймақтық тұрақтылықты нығайту мәселелері болды.

С.Нарышкин Мәжіліс спикерінің "А321" ресейлік ұшағының жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қаза табуына байланысты көңіл айтқанына алғыс білдірді.

Қ. Жақыпов бірлесіп ортақ міндеттерді, соның ішінде халықаралық лаңкестікке қарсы шараларды атқаруда парламентарийлер арасындағы өзара қатынасты нығайтудың маңызын атап өтті.

Еске сала кетейік, 26-27 қарашада Санкт-Петерборда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының сегізінші пленарлық отырысы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қырық үшінші  пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!