Назарбаевтың жолдауы әрбір адамға қызықты болады - Ақорда

Фотография - Назарбаевтың жолдауы әрбір адамға қызықты болады - Ақорда

Президент өз жолдауын 30 қарашада жарияламақ

2256 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына жолдау жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, алдағы жолдау әрбір қазақстандықты қызықтырмақ, деп жазады Today.kz.

 «Біз Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы 30 қарашада болатынын растаймыз. Сонымен бірге біз бірнеше республикалық телеарналарда тікелей эфир ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - делінген хабарламада.

Мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жолдау әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстанның қолданатын іс-әрекетіне арналатынын айтқан болатын. Мұның алдындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауы 2014 жылдың 11 қарашасында жасалған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!