Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Фотография - Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Бексары Жаңабай Мұратбекұлы мен Биахметов Асқар Сақтағанұлы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды

931 0

Бүгін облыс әкімдігінде бірден екі жаңа тағайындау болдыү Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2015 жылғы 26 қарашадағы өкімімен Бексары Жаңабай Мұратбекұлы мен Биахметов Асқар Сақтағанұлы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары қызметіне тағайындалды.

Бексары Жаңабай Мұратбекұлы 1965 жылы Қызылорда қаласында туған. 1982 жылы Қаракеткен ауылындағы орта мектепті бітірген соң, Воронеж политехникалық институтына оқуға түсіп, оны 1989 жылы инженер-электромеханик мамандығы бойынша аяқтайды. Қазақ гуманитарлық заң университетін 2003 жылы бітіріп, заңгер мамандығын алады.

1989-1997 жылдар аралығында "Қызылордагражданпроект", "Южнефтегаз" кәсіпорындарында инженер-электрик қызметін атқарды. 1997-2002 жылдар аралығында "Харрикейн Құмкөл мұнай" шетел канадалық мұнай компаниясында жетекші инженер-энергетик, жобаларды бақылау жөніндегі инженер болып жұмыс атқарды.

2002-2004 жылдары облыс әкімі аппаратының индустриалды даму бөлімінің бас инспекторы, энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар жөніндегі облыстық басқарма бастығының орынбасары, облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы бастығы қызметтерін атқарды. 
2005 жылдан бастап Қызылорда облысының көлік және автомобиль жолдары басқармасының бастығы. 2007 жылдың ақпан айынан облыс әкімінің орынбасары.

2008 жылдың шілде айынан ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.

2010 жылдың наурыз айынан бастап - "KEGOC" АҚ-ның корпоративтік басқару вице-президенті,  корпоративтік басқару бойынша басқарма төрағасының орынбасары.

Биахметов Асқар Сақтағанұлы 1975 жылы жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие мамандығы, Қазақ заң академиясын құқықтану мамандығы, Duke университетін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Ақтөбе қаласы салық комитетінің салық инспекторы ретінде бастаған. Түрлі жылдары қазынашылық басқармасының бастығы, Ақтөбе облысы бойынша қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Ақмола облысы бойынша қазынашылық басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2009-2014 жылдары ҚР Конституциялық кеңесінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап - ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!