Жұма күні Қазақстанда жел күшейеді, көктайғақ болады, тұман түседі

Фотография - Жұма күні Қазақстанда жел күшейеді, көктайғақ болады, тұман түседі

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді

219 0

Атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынды, бұрқасынды ауа райы сақталады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың қалған аумағында күн ашық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. 

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!