Бас прокуратура ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұл көлемін төмендетуді ұсынды

Фотография - Бас прокуратура ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұл көлемін төмендетуді ұсынды

Бас прокуратура мұны еліміздегі қиын экономикалық жағдайға байланысты ұсынуда

625 0

ҚР Бас прокуратурасы  ЖЖЕ бұзған үшін айыппұл көлемін төмендетудің бірнеше себебін атады. ҚР Бас прокуратурасының 4 департамент басшысы Асет Шындалиевтің айтуынша, айыппұл көлемін арттыру жолдағы ереже бұзуды төмендетіп отырған жоқ, деп жазады Today.kz.   

"Біз әкімшілік жазаны қайта қарауға итермелейтін бірнеше негізгі факторды бөліп алдық. Біріншідін, халықтың табысы азайды – бұл күрделі экономикалық жағдай салдары. Екіншіден, 2001 жылдан бері кей айыппұлдардың көлемі 25 есеге  15 мың теңгеден 396 мыңға өскен, ал орташа айлық жалақы тек 7 есе – 17 мыңнан 124 мың теңгеге дейін ғана өскен. Біз өзге елдердің тәжірибесін зерттеп, батыс елдері мен Ресейде айыппұл көлемі төмен екенін анықтадық. Люксембургте орташа жалақы миллион теңге деп алсақ, жылдамдық асырғаны үшін айыппұл 15 мың теңге, бізде жалақы 124 мың, айыппұл көлемі 20 мың, ал Германияда ол екі есе төмен, Австрияда үш есе, ал Ресейде – сегіз есе. Жылдамдық асырғаны үшін максималды айыппұл көлемі Люксембургте 45 мың теңге болады, Ресейде – 22 мың, ал Қазақстанда – 80 мың теңге. Бұл қарапайым күзетші немесе жүргізушінің екі айлық жалақысы", - деп атап өтті Әсет Шындалиев.

Айыппұлды төмендету пайдасына айтылған тағы бір факт ең ауыр ЖЖЕ бұзу бойынша төмен өндірулер.

"Ең жоғары айыппұл өндіру – көлікті құжатсыз жүргізу бойынша (63 пайыз). Біздіңше, мұның себебі айыппұлдың сегіз мың теңге көлемінде ғана болуы. Орташа 11 мың теңге – жол қиылысын өтудегі ереже бұзу айыппұлы. Мұнда айыппұл өндіру 48 пайыздан сәл төмен. 396 мың көлеміндегі ең жоғары айыппұл 100 оқиғаның 17 жағдайында ғана төленеді, ал бұл ең қауіпті бұзушылықтар –  тұтқындауға болмайтын, көлік жүргізу құқы жоқ мас жүргізушілер. Көріп отырғаныңыздай, айыппұл көлемі неғұрлым жоғары болса, оның төлену жайты соғұрлым төмен", - деді Шындалиев.

Ал ҚР Бас прокуратурасының 1 Департементінің бастығы Қанат Сейтғаппаров бұл мәселені заңнамалық тұрғыда қарастыру жақынарада көтерілетінін айтты: "Шешім жобасы даярланды. Ол бүгін тапсырылады. Бекіп қалса ол өкілетті органдарға таратылады. Одан кейін берілген ұсыныстарды заңнамалық тұрғыда қарастыруды бастама қылып көтереміз. Бұл жақынарада қолға алынады".



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!