ҚР ДСӘДМ дәрігерлерге шабуыл жасау фактілеріне ашу білдірді

Фотография - ҚР ДСӘДМ дәрігерлерге шабуыл жасау фактілеріне ашу білдірді

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов дәрігерлерге байланысты дауға Facebook парақшасында пост арнады

474 0

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов алматылық жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуылдау туралы жаңалыққа елеңдеді, деп жазады Today.kz.  Ол бұл мәселеге Facebook парақшасында пост арнады.

"Әріптестеріме – жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау фактілеріне қатты ашулымын! Құқық қорғау органдары осы нақты оқиғалар бойынша да, мұндайды тағы болдырмау үшін де қажетті шараларды қолға алады деген сенімдемін.

Ең жақсы алдын алу шарасы ҚР заңдарының талаптарына сай тергеуді бастап кету деп ойлаймын.

Әріптестеріме тезірек сауығып кетуді тілеймін! Мұндай жайсыз оқиғалар мамандығымызға деген адалдықты өзгертпейді деген сенімдемін", - деп атап өтті Елжан Біртанов.

Естеріңізге салсақ, жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуылдың сорақы фактісі 26 қарашаға қараған түні болған. "Таугүл" ықшамауданында шақыртуға барған дәрігер мен фельдшерге шабуыл жасалаған. 29 жасар әйел жүректегі шаншуға арызданады. Ол жедел жәрдем шақырады, әйелге қызмет көрсету кезінде бөлмеге ер адам басып кіріп, дәрігерді шүйдесінен таспен ұрған. Содан кейін фельдшер төбелеске аралсып, ол да басынан кірпішпен соққы алған. Нәтижесінде дәрігер өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, қазір ол ес-түссіз жатыр.

Фельдшер де ауруханаға жеткізілді. Онда жабық бас сүйек жарақаты, миы шайқалған және көптеген жырылған жарақаттар.

Полиция күдіктіні ұстаған. ҚР ҚК 393-бабының 3-тармағы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кеше Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында қалада дәрігерлерді соққыға жығу және зорлау фактілері көбейгені айтылды. Дәрігерлердің мұндай оқиғаларды ашып айта бермейтіндігі және жұмысқа шығуға қорқатындығы айтылып өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!