Мемлекеттік рәміздер туралы заңның 4-бабына түзетулер енгізілді

Фотография - Мемлекеттік рәміздер туралы заңның 4-бабына түзетулер енгізілді

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын пайдаланудың жаңа стандарттары енгізілетән болады

320 0

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Василий Порубаймех айтты. 

"Елбасы Н.Назарбаев ҚР мемлекеттік рәміздер туралы заңына өзгертулер енгізіп, қол қойған болатын. Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайына тоқталар болсам, 4 бапқа түзету енгізілді. Құжатта мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін кеңейту, насихаттау және оларды қолдану жөніндегі Үкіметтің және уәкілетті органның құзырын нақтылау, ҚР-ның мемлекеттік рәміздері күнін атап өтудің ережесін әзірлеу, мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру қарастырылған", деді ол өз сөзінде.
"Заңның тағы бір жаңа нормасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар өз туларын ҚР Мемлекекеттік туымен бір мезгілде орналастыруға міндетті", - деді В.Порубаймех.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын пайдаланудың жаңа стандарттары енгізілетән болады. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!