Қазақстандықтар Жаңа жыл да төрт күн демалады

Фотография - Қазақстандықтар Жаңа жыл да төрт күн демалады

Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесін төрт күн тойлайды.

829 0

Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесін төрт күн тойлайды.

"ҚР мерекелері туралы" заңына және еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік және ұлттық мерекелер демалыс күні болып есептеледі. Сонымен қатар, егер мереке атап өтілетін күн демалысқа сәйкес келсе, ол күндер бір күнге ұзартылады.

2016 жылы 1 және 2 қаңтар мереке күндері жұма және сенбіге сәйкес келеді. Сондықтан, 4 қаңтар - дүйсенбі демалыс күні болып есептеледі. Қазақстандықтар 5 қаңтарда жұмысқа шығады. 6 қаңтар да жұмыс күні. Осыдан кейін бізді тағы бір демалыс күні күтіп тұрады. 7 қаңтар Рождество мерекесі атап өтіледі. Заң бойынша, бұл күн де демалыс күні болып есептеледі.

Айта кетейік, келесі сейсенбі - 1 желтоқсан да демалыс. Бұл күні қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтеді.

BAQ.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!