ҚР Елшісі украиналық компанияларды Қазақстан нарығында жұмыс істеуге шақырды

Фотография - ҚР Елшісі украиналық компанияларды Қазақстан нарығында жұмыс істеуге шақырды

Форумға Украина мемлекеттік органдарының басшылары, іскерлік ортасы, сонымен қатар украиналық туристік компаниялар қатысты.

275 0

Киевте Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне арналған "Киев-Астана ЭКСПО-2017" халықаралық форумы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.  

Шараны Украинадағы ҚР Елшілігі украиналық «MonacoUkraineGroup» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға Украина мемлекеттік органдарының басшылары, іскерлік ортасы, сонымен қатар украиналық туристік компаниялар қатысты.  

Украинадағы ҚР Елшісі Зауытбек Тұрысбеков шараға қатысушыларға Қазақстанда инвестициялық климатты жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар және қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық қатынастарының даму мүмкіндіктері жөнінде баяндады. Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға септесетін "Нұрлы жол" бағдарламасына жиналғандардың назарын аудартты.

З. Тұрысбеков қатысушыларды Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «жасыл экономикаға» көшу және Астанадағы "ЭКСПО-2017"  халықаралық көрмесіне дайындалу барысымен таныстырды.

Ол Қазақстан ТМД елдері арасында «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын қабылдаған алғашқы ел екенін айтты.  

Қазақстандық дипломат украиналық компанияларды Қазақстанда жасалған инвестициялық жағдайларды пайдаланып, қазақстандық нарықта белсендірек жұмыс істеуге шақырды. Ол Украина президенті Петр Порошенконың Қазақстанға келген ресми сапары аясында (ағымдағы жылдың 9-10 қазаны)  "Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ мен Украинаның жетекші "MonacoUkraineGroup" компаниясы арасында украиналық туристерді Астанадағы көрмеге тарту бойынша меморандумға қол қойылғанын айтты.  

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ  өкілі С. Бөлебаева форумға қатысушыларға көрмеге дайындық барысын айтып берді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!