Назарбаев зейнетақы қорын бизнесті кредиттеуге жұмсауға тиым салды

Фотография - Назарбаев зейнетақы қорын бизнесті кредиттеуге жұмсауға тиым салды

Президенттің пікірінше зейнетақы қорының қаржысы ел бюджетінің дефицитін толтыру үшін ғана қолдану керек

313 0

Тәуелсіздік сарайына Президенттің Қазақстан халқына кезекті жолдауын естуге жиналғандар Нұрсұлтан Назарбаевтың Бірыңғай зейнетақы қорын пайдалану тәсілін қайта қарастыру ұсынысын қол шапалақтай қабылдады. Президенттің пікірінше, жинақты бизнесті кредиттеуге енді жұмсауға болмайды, деп жазады Today.kz.

Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, 2016 барлық зейнетақы активтері қазақстандық және шетелдік жеке компаниялардың басқаруына өту керек.

"Зейнетақы қорын, біз Ұлттық қорды қалай басқарамыз солай басқару керек, солай қарау керек және зейнетақы қорын бизнесті кредиттеу үшін жұмсауды тоқтату керек. Бұл қаржы ел бюджетінің дефицитін толтыру үшін ғана қолдану керек. Ал, бизнес үшін бізге халықаралық қаржы институттары ұсынған ақша да жетеді. Былай деп келісейік. Зейнетақы қоры халық үшін толықтай сақталуы керек", - деді Президент.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!