Бүгін Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының ресми мүшесіне айналады

Фотография - Бүгін Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының ресми мүшесіне айналады

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Жолдауында Президент айтты

157 0

Бүгін  Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды, ресми мүшесіне айналады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Бүгін, 30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды, ресми мүшесіне айналады. Бұл жайында ДСҰ Бас Ассамблеясының отырысында ресми жария етілетін болады. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болып саналады. Ол біздің елімізді толыққұқылы сауда серіктесі ретінде тануға мүмкіндік береді", - деді Елбасы.

ҚР Президенті Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі біздің еліміздің экспортшыларына, сонымен қатар экономикамыздың негізгі секторларына келетін инвестор елдер үшін де зор мүмкіншілік беретіндігін баса айтты. Еліміз үшін бірқатар міндеттемелердің болып, қиындықтардың да орын алуы мүмкіндігін ескертті. Яғни, қазақстандық тауарларды халықаралық нарыққа  шығаратындардың бәсекеге қабілетті болуы тиістігін атап өтті.

"Ендігі уақытта біз ДСҰ-ның барлық мүшелерімен бәсекелеспіз. Бұл - әлемнің 160-тан астам елі", - деді Мемлекет басшысы.


Тегтер:

жолдау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!