Қазақстан банктері доллардағы депозиттерге пайызды едәуір төмендетеді

Фотография - Қазақстан банктері доллардағы депозиттерге пайызды едәуір төмендетеді

Бұл долларсыздандырудың бір амалы. Назарбаев қазақстандықтарды теңгемен өмір сүруге шақырды

362 0

Доллардағы депозиттер Қазақстанда тиімсіз болып қалады. Банктер олар бойынша пайызды айтарлықтай төмендетеді. Бұл туралы Президенттің Қазақстан халқына жолдауы барысында белгілі болды, деп жазады Today.kz. Нұсрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл долларсыздандырудың бір амалы. Елбасы қазақстандықтарды теңгемен өмір сүруге шақырды.

"Долларсыздандыру құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға сенімді арттыру маңызды. Қазақстандықтардың бәрі теңгемен өмір сүріп жатқанымызға үйрену керек. Нан, сүт, шұжық, киім – бәрін теңгемен аламыз. Доллар шетелде киінетіндерге керек.

Депозиттерді доллармен сақтау – тиімсіз. Доллардағы депозиттер үшін пайыз мөлшері өте төмен болады. Банк осыған келеді. Бұл – долларсыздандырудың бір амалы. Әрқайсымыздың сөздік қорымыздан "Теңге" сөзі түспеуі тиіс. Біздің елдің ұлттық валютасы теңге екенін ешқашан ұмытуға болмайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!