Қазақстан үкіметіне банкрот болудың түсінікті процедураларын даярлу тапсырылды

Фотография - Қазақстан үкіметіне банкрот болудың түсінікті процедураларын даярлу тапсырылды

Нәтижесіз компаниялар орнына нәтижелілер келеді, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

256 0

Қазақстан президенті Қазақстан халқына кезекті жолдауы барысында үкіметке жеке және заңды тұлғалар үшін банкрот болудың нақты, түсінікті амалдарын даярлауға тапсырма берді. Мемлекет басшысы бәсекелестік саласындағы саясат, бакрот болу процестерін реттеумен және нәтижесіз компанияларды қалпына келтірумен қатар жүру керек деп түсіндірді, деп жазады Today.kz

"Барлық кәсіпорынлдарды жекешелендірдік. Ауылшаруашылығымен айналысатындар мыңдаған гектар жерлер ұстап отыр, ол  олардың жеке меншігі. Машина жасау заводы – бұл да біреудің жеке меншігі. Жекеменшік иелері өз өнімін сатып, ол үшін ақша алады, тек салық төлейді. Онда неге мемлекет ол жекеменшік иелеріне халықтың салығынан ақша төлеу керек?" – деді Назарбаев қабілетсіз компаниялар туралы айта отырып.

Президент АҚШ-ты мысалға алды, мұнда жыл сайын көптеген клмпания банкрот болады және тағы сонша компания ашылады.

"Нәтижесіз компаниялар орнына нәтижелілер келеді. Біз бәсекеге қабілетсіз компанияларды мемлекет есебінен көтермелеуді тоқтатуымыз керек. Үкіметке жеке және заңды тұлғалар үшін банкрот болудың нақты, түсінікті амалдарын даярлауды тапсырамын. Бұл процедура барынша жеңіл және барынша айқын болуы керек", - деп аяқтады Назарбаев.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!