Қазақстанда кәсіби-техникалық білім беру тегін болады

Фотография - Қазақстанда кәсіби-техникалық білім беру тегін болады

2017 жылы "Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім" атты жаңа жоба іске қосылады

1300 0

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауы барысында 2017 жылдан бастап елімізде "Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім" атты жаңа жоба іске қосылатынын айтты. Қарапайым жұмысшылардың рөлін айта отырып, ол өзінің еңбек жолын есіне алды, деп жазады Today.kz.

"Мен бүгін қазақстандықтарға 2017 жылдан бастап " Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім " атты жаңа жоба іске қосылатынын жариялағым келеді. Яғни, мемлекет әрбір азаматқа бастапқы мамандықты беруге міндеттеледі. Мектепті тәмамдап, қол қусырып қалған жас азамат келіп, алғашқы мамандықты, жұмыс істейтін мамандықты алуына болады, осыдан бастау керек. Үкіметке осыны жүзеге асыруды тапсырамын", – деп атап өтті Н.Назарбаев.

Президент Қазақстан жастарын жұмыс бар және кадрларға сұраныс бар аймақтарға сенімді түрде көше беруге шақырды. Сонымен бірге Елбасы өзінің еңбек жолының қалай басталғанын есіне алды.

"Менің жұмысшының арнайы киімінде  домна пешінің аузында тұрғанымды, қолымда 40х40 сантиметрлік күрек болғанын еске салу артық болар: көбірек алу керек, көбірек және арырақ лақтыру үшін, қолымда 15 киллограмдық лом да болды", - деп еске алды Назарбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!