Назарбаев Ресей мен Түркияны қателіктерін мойындап, бітімге келуге шақырды

Фотография - Назарбаев Ресей мен Түркияны қателіктерін мойындап, бітімге келуге шақырды

Қазақстан президенті екі ал арасындағы жағдайға кейіді

546 0

Қазақстан халқына кезекті жолдауына арналған шара барысында  Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік Су-24М ұшағының құлатылуымен байланысты шиеленіскен Ресей мен түркия қарым-қатынасын  сөз етті. Қазақстан президенті болған жайтты ауыр қабылдап, екі жақты тезірек тіл табысуға шақырды, деп жазады Today.kz.

"Біз үшін көрші Ресей елі де, туыс Түрік елі де жақын. Алайда, олардың бүгінгі таңдағы жағдайлары менің осы кезге дейінгі еткен еңбегімді еш кетіргендей. Өйткені, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарта түсу мақсатымен мен Түркияның Премьер-министрі болған Сүлеймен Демирел заманынан бері оң ұстаныммен келемін. Кешегі Ресейдің ұшағы Түркияның жерін бомбалау ниетімен бармағаны белгілі. Сондықтан да мен НАТО тарапынан бұл іске кінәліні анықтап, тиісті жазасын беруді сұраймын. Қажет болса, екі ел арасындағы күрделенген жағдайды қалпына келтірудің де өзектілігі жоғары", - деді Елбасы.

Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назрбаев Түркия президентімен Ресей-Түркия қатынасын телефон арқылы сөз етті. Түркия жағы бастаған сөз барысында Реджеп Тайип Эрдоған "Ресей президенті Владимир Путинмен жақын аралықта кездесуге дайын" екендігін жеткізді.

Ресей ұшағының құлатылуына байланысты Ресей президенті Владимир Путин Түркияға қатысты арнайы экономикалық іс-шара туралы жарлыққа қол қойған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!