Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фотография - Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

212 0

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленген "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекітуге бағытталған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 Мемлекет басшысы "2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!