Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады

150 0

Бүгін елміздің барлық аймақтары кең көлемді антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, тек батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды "Қазгидромет" МКҚК баспасөз қызметі.

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


baq.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!