Елімізде 70 мың жұмыс орны бос тұр

Фотография - Елімізде 70 мың жұмыс орны бос тұр

Еліміздің өндіріс саласында маман тапшылығы сезіледі.

570 0

Еліміздің өндіріс саласында маман тапшылығы сезіледі.

Бүгінде 5,5 мың кәсіпорын қажетті қызметкер таппай, 70 мың жұмыс орны бос тұр. Журналистермен болған брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері осындай дерек келтірді. «Осы ретте Елбасының техникалық білім беруді жолдауға арқау еткені орынды болды», - дейді мамандар. Қазір елімізде дуалды оқытудың жол картасы жүзеге асып жатыр. Жоба аясында кәсіпорындар мен колледждер арасында келісім жасалып, 16 мың азамат кәсібін игеріп жүр. Бұл мамандар болашақта жұмыссыз қалмайды. Өйткені олар мекемелердің тапсырысы бойынша білім алып жатыр.

Нұржан Әлтаев, ҚР "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
- Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында кәсіби білім беруді ақысыз әрі жастар үшін қолжетімді болатынын жеткізді. Әрине бұл бізді қуантады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйенің мінсіз жұмыс істеуін қадағалайтын болады. Яғни, бұдан былай салаға бөлінген бюджет қаржысы кәсіпорындардан тапсырыс түскен колледждерге ғана беріледі. Ал бұған дейін жұмыс берушінің сұранысы ескерілген жоқ. Бұл – өте маңызды мәселе. Енді палата қаржының мақсатты жұмсалуын жіті назарда ұстайтын болады.


24 kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!