Алматы облысында 121 мың тонна қант қызылшасы жиналды

Фотография - Алматы облысында 121 мың тонна қант қызылшасы жиналды

Алматы облысында 121 мың тонна қант қызылшасы жиналып, зауытқа өткiзiлдi

1732 0

Алматы облысында 121 мың тонна қант қызылшасы жиналып, зауытқа өткiзiлдi. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкiмi Амандық Баталов мәлiмдедi.

 "Аграрияда ауыл шаруашылығы техникасының жетiспеушiлiгi, сапалы тыңайтқыштардың тапшылығы, дайын өнiмдi тапсыратын жердiң болмауы секiлдi проблемалардың болуына байланысты қант қызылшасы да бiрқатар кедергiлерге тап болған болатын. Бiз Көксай қант зауытын iске қосу, 351 шаруа қожалығын кооперациялау, 240 млн. теңге субсидия бөлiну, 4 020 га жерге қант қызылшасын себу секiлдi қажеттi шараларға қол жеткiздiк. Нәтижесiнде, бiз 121 мың тонна қант қызылшасын жинап, оны зауытқа өткiздiк. Өнiм өңделген соң шамамен 12-15 мың тонна көлемiндегi өз қантымызды алатын боламыз", - дедi облыс әкiмi.
А.Баталов шаруа қожалықтарын кооперациялау, мемлекет атынан әкiмдiктер тарапынан көрсетiлген қолдаудың арқасында осы көрсеткiштерге қол жетiп отырғанын айтты.

"Келесi жылы қант қызылшасын себу аумағын 6000 мың гектарға, 2020 жылға дейiн 14 мыңға жеткiзудi жоспарлап отырмыз. Нәтижесiнде, 500 мың тонна қант қызылшасын жинап, 49-50 мың тонна қант алатын боламыз. Айта кету керек, республиканың қантқа деген сұранысы шамамен 500 мың тоннаны құрайды", - деген ол әлi де ауқымды жұмыстар жүргiзу әлеуетi бар екенiн айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!