Алматы облысында тоқтап тұрған кәсіпорындар жоқ - А.Баталов

Фотография - Алматы облысында тоқтап тұрған кәсіпорындар жоқ - А.Баталов

Жыл басынан бері 38 жұмысшы ғана босатылған

87 0

Алматы облысында жұмыспен қамтуға қолдау шараларымен 32,7 мың адам қамтылып, оның нәтижесінде өзін -өзі жұмыспен қамтығандар үлесін 28,4 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, облыста жұмыс орындарын сақтау үшін 6357 кәсіпорындармен меморандум бекітілді немесе бұл кәсіпорындардың жалпы көлемінде 90 пайызды қамтып отыр. Осы орайда 144,5 мың жұмысшы қамтылды.

"Нәтижесінде, облыста тоқтап тұрған кәсіпорындар жоқ. Жыл басынан бері 38 жұмысшы ғана босатылған, оның 12-сі жұмысқа орналастырылды. Үш кәсіпорындағы 364 адам икемді жұмыс уақытымен еңбек етуде", - деді облыс әкімі.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!